05.11.2023, 14:56
Саясат
Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады
Непалда болған жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса қаза тапты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президентіне және халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды