$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тарихи әділеттілік орнады»: Мирзиёев Қарабақ туралы айтты

Ол Әзербайжан түркі халықтары арасында ерекше құрметке ие екенін атап өтті

«Тарихи әділеттілік орнады»: Мирзиёев Қарабақ туралы айтты
Фото ашық дереккөзден

Елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарабақ туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өзбекстан басшысы өз сөзінде Тоқаевқа саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

«Түркі мемлекеттерінің ұйымы қазір өзінің белсенділігін арттырып келеді. Сондай-ақ бауырлас елдердің байланысы одан сайын берік бола түсуде», - деді ол.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанды Республика күнімен және Түркияны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Бауырлас Әзербайжан халқы түркі әлемінде лайықты құрметке ие. Соңғы жылдары Ильхам Алиевтің бастамасымен орасан жетістіктерге жетіп жатыр. Тарихи әділеттілік орнады. Соның арқасында Қарабақ Әзербайжан елінің бір мүшесі болды», - деп атап өтті Өзбекстан президенті.

Ол Әзербайжанда болғанында инфрақұрылымдық, мәдени нысандардың қайта қалпына келтірілгенін байқағанын атап өтіп, Әзербайжанды толыққанды аумақтық тұтастығын қайта қалпына келтіруімен құттықтады.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары