10.10.2023, 15:43
Саясат
Тоқаев «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты
Жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президентке жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жөнінде баяндады:
- жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізіледі;
- жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген;
- халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалады;
- жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін жолаушылар тасымалы бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады;
- түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
14.11.2025, 12:53
Есірткі қолданып, көлік жүргізуден шеттетілген: Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды (ВИДЕО)
14.11.2025, 18:06
Қазақстанда биылғы қыста ауа райы қандай болады: алдағы бірнеше айға арналған болжам жарияланды
14.11.2025, 15:18
Шымкентте ер адам қымбат көлігін көпқабатты үйдің үстіне кранмен шығарып, дрифт жасады (ВИДЕО)
14.11.2025, 10:10
Астанадағы StandupAstana әзіл кешінің соңы дауға ұласты
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады
Редактордың таңдауы
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады