$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2023, 11:59
Саясат

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары біріктіріледі

Тоқаев орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет екенін айтты

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары біріктіріледі
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы», - деді ол.

Ол атағандай, Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек.

«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек.Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары