$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.03.2020, 17:39
Саясат

Чарльз ханзададан коронавирус табылды

Ол қазір оқшауланып жатыр

Чарльз ханзададан коронавирус табылды

Британияның тақ мұрагері Чарльз ханзададан коронавирус табылды,деп хабарлайды корольдік отбасы өкілдері.

«Одан індеттің жеңіл белгілері анықталды, бірақ оның жағдайы жақсы, алдағы күндері ол үйден әдеттегідей жұмыс істейді», - делінген Чарльз ханзада өкілдерінің мәлімдемесінде.

Ханзаданың жұбайы, Корнуоль герцогинясы Камилла коронавирусқа тексерілді, бірақ одан ауру табылмады.

Ханзада Чарльз және оның жұбайы Шотландиядағы Балморал сарайында оқшауланып жатыр.

Тақ мұрагерінің өкілдері ханзада вирусты кімнен жұқтырып алғанын анықтау мүмкін емес екенін айтады. Өйткені ол өткен аптада көптеген іс-шараларға қатысқан.

Соңғы рет 12 наурызда ханзада Чарльздің қатысуымен үлкен шара өтті. Сол күні ол Елизавета II-мен кездесті.

Алайда, PA агенттігінің дереккөздеріне сәйкес,  ханзада Чарльз 13 наурызға дейін айналасындағы адамдарға індет жұқтыруы мүмкін емес.

II Елизавета патшайымының ұлы Чарльз ханзада-британдық таққа кезекте бірінші. Ол 71 жаста.

Серіктес жаңалықтары