ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Партия жемқорлыққа қарсы кеңес жұмысын күшейтеді – Байбек

«Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтіледі

фото: facebook.com/baibekbk

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз етіп, facebook парақшасында жазба қалдырды.

Бауыржан Байбектің айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді. Бұл партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатыр.

«Мұнда азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отыр. «Nur Otan» сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді», - делінген жазбада.