21.03.2020, 01:27
Саясат
Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Олар бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден
Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі күрделі ахуалды талқылап, жаһандық эпидемиологиялық ауыртпалықты еңсеру бағытында екі ел қабылдап жатқан шараларға өзара қолдау білдірді.
Сондай-ақ, тараптар Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығы мен күн тәртібіндегі өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.
Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді