Бүгін 11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты
Қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов бүгін бостандыққа шыққан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен кездескенін жариялады.
«Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, үйіне келді», - деп жазды медиамагнат Арманжан Байтасов.
Сондай-ақ бұл кездесуде Райымбек Баталов, Нұрлан Смағұлов және Болат Әбілов секілді кәсіпкерлерді де байқайсыз.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 19 наурызда Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колонияда жазасын өткеп жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев босап шықты. Бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевтің алғашқы сөзі қысқа әрі нұсқа болды.
«Қиын уақытта маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахметімді айтамын. Шын жүректен! Бұл мен үшін, менің отбасым үшін өте маңызды», - деді ол.