$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2023, 18:00
Саясат

ҚР Премьер-Министрі III Еуразиялық конгресстің пленарлық халықаралық көлік бағыты туралы айтты

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Куба, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Үкіметтер басшылары қатысты

ҚР Премьер-Министрі III Еуразиялық конгресстің пленарлық халықаралық көлік бағыты туралы айтты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық даму банкінің қолдауымен Сочи қаласында (РФ) өткен III Еуразиялық конгресстің пленарлық сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов қазіргі жаһандық сын-қатерлер ЕАЭО елдерінен кеңейтілген форматтағы белсенді диалогты, әріптестік қатынастарды нығайтуды және бүкіл аймақтың өркендеуі үшін бірлескен күш-жігерді талап ететінін атап өтті.

Мұндағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Осылайша, «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» көлік дәліздерінің әлеуетін ашу бағытында бірлескен күш-жігерді пайдалану маңызды.

«Біздің «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттары, «Қорғас» орталығы, сондай-ақ Сиань құрғақ портындағы жоспарланған логистикалық орталық әлемдік нарықтарға қосымша қақпа бола алады. Бұл екі ел арасында қарқынды өсіп келе жатқан тауар айналымына, сондай-ақ өсіп келе жатқан транзитке толық сәйкес келеді», — деді Әлихан Смайылов.

Бұл тұрғыда «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТХКБ) байланыстырудың айтарлықтай әлеуеті бар, ол арқылы өткен жылы жүк тасымалдау көлемі екі еседен астам өсті.

Оның айтуынша, ынтымақтастықтың тағы бір мысалы – Ресей шекарасынан Қазақстан арқылы Қытайға дейінгі «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы. Бұл жоба Еуразиялық даму банкінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда. Жаңа көлік жолы тауарларды жеткізу қашықтығы мен мерзімін айтарлықтай қысқартады деп күтілуде.

«Сонымен қатар біз үшін “тар жерлерді” синхронды жою және көлік бағыттарын одан әрі дамыту бойынша атқарып жатқан жұмыстардың маңызы зор», — деді Премьер-Министр.

Тағы бір маңызды бағыт – бұл ауыл шаруашылығы саласы. ЕАДБ бағалауы бойынша, Еуразиялық аймақтың агроөнеркәсіптік әлеуетін іске асыру 2035 жылға қарай 600 млн адамның, оның ішінде 240 млн тұрғылықты халықты және 360 млн-ға дейін үшінші елдердегі халықтың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Келешекте аймақтың азық-түлік өнімдерінің экспорты 2 есеге – $74 млрд-қа дейін артуы мүмкін. Әлеуетті іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар мен цифрландыруды енгізуге ерекше назар аудара отырып, бірлескен жобаларға ден қою маңызды», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Ол сондай-ақ аталған барлық бағыттар бойынша Еуразиялық даму банкінің маңызды рөлін айтып өтті. Мәселен, Банк ЕАЭО шеңберіндегі қызметінің 17 жылы ішінде құны $13 млрд-тан асатын, табысты 257 жобаны қаржыландырды.

«Банк маңызды жобаларды қаржыландыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы тиіс деп есептеймін», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары