07.06.2023, 09:17
Саясат
Бүгін Президент Қатар Әмірі бастаған делегациямен кездеседі
Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған:
- Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
- Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.
Көп оқылған
12.05.2026, 11:29
«Екі өкпеден бір сәтте пышақ сұққан»: Талғар полициясы жас жігітті өлтіргендерді ұстау үшін ауыл маңына блокбекет қоюға мәжбүр болған
12.05.2026, 16:08
«Балапан» продюсері бала күнімде зорлады»: телеарна желідегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
12.05.2026, 09:31
«Әзілдеп жасаған»: 9-сынып оқушылары Астана мен Алматы облысында 14 жерге «бомба қойған»
12.05.2026, 14:17
Атырауда қайын жұртын қырып тастады деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты ашық режимде өтетін болды