Ресей Еуропаға газ жеткізуді рекордтық деңгейге дейін қысқартады – БАҚ
«Газпром» бір жыл ішінде ЕО-ға жеткізілімдерді 80%-ға азайтты
Ресей газын Еуропаға жеткізу алдағы аптада тарихи минимумға дейін қысқарады. Өйткені Түркия арқылы жеткізілетін газ құбырына профилактикалық жұмыстар жүргізілмек. Осылайша Ресей газын ЕО-ға жеткізудің жалғыз бағыты Украина арқылы транзит болып қала бермек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.
2022 жылдың күзінде Кремльдің Еуропамен газ соғысының шиеленісуі басталды, сол кезде Газпром ЕО-дағы «Северный поток» негізгі газ құбырын профилактика үшін жауып тастады, содан кейін оны қайта қосудан бас тартты. Содан бері ЕО ресейлік газды тек Украина мен Түркия арқылы алады.
Бүгінде Еуропа «Газпромсыз» өмірге үйреніп, оған балама тапты және Катардан немесе АҚШ-тан сұйытылған газды жеткізуге арналған келісімшарттар алаңдаушылық тудыртпайды. ЕО ұзақ уақыт бойы ресейлік газдан толық бас тарту мүмкіндігімен қарастырып, үнемдеуді үйренді.
Ал «Газпромның» еуропалық нарықсыз жағдайға беімделуі қиын. Өйткені оның баламалары алдағы жылдары табыла қоймайды.
«Газпром» бір жыл ішінде ЕО-ға жеткізілімдерді 80% - ға қысқартты. Еуропа экономикалық өсуді тежейтін энергетикалық дағдарысқа ұшырады. ЕО елдері халық пен өнеркәсіпті қолдауға 750 миллиард еуродан астам қаражат жұмсады.