Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Қазақстан халқын сабырға шақырды

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың тіркелуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Біз #Birgemiz », - деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.