«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады - Б.Байбек
Елімізде коронавирустың алдын алу мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шаралардың барлығы кейінге қалдырылған
COVID-2019 коронавирусының жаппай таралуына байланысты 18 наурызға жоспарланған «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-парақшасында жазды.
«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», - деп жазды Б.Байбек.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 4 адам анықталып, барлығы да емдом қабылдап жатыр. Аурудың жаппай таралуына байланысты еліміздегі мектептер 16 наурыздан бастап каникулға жабылса, колледж студенттері қашықтан оқитын болады. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі іс-шаралардың барлығы тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды.