Армения мен Әзербайжан басшылары Мәскеуде кездеседі

Аягөз Құрмаш

Оларды кездесу қарсаңында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қабылдайды

Армения мен Әзербайжан басшылары Мәскеуде кездеседі
Фото ашық дереккөзден

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесуге келісті. Ресей мен Владимир Путиннің делдалдығымен келіссөздер 25 мамырда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Пашинян мәлімдегендей, жарияланған консультациялар барысында Армения мен Әзербайжанның аумақтық тұтастығын тану мәселесі талқыланады. Оның айтуынша, бұл елдер арасында бейбіт келісім жасасуға септігін тигізеді.

14 Мамырда Пашинян мен Әлиев Брюссельде Еуропалық Кеңестің төрағасы Чарльз Мишельдің делдалдығымен кездесті.

25 мамырда үшжақты кездесу қарсаңында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Армения мен Әзербайжандағы әріптестерін қабылдайды.

Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақтың даулы аймағы үшін екі мәрте соғысты. Олардың тұрақсыз шекарасында өлімге әкелетін қақтығыстар жиі болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.