Байден Леди Гаганы жаңа қызметке тағайындады
Ол 2021 жылдың қаңтарында ол Байденнің ұлықтау рәсімінде АҚШ әнұранын орындаған
АҚШ президенті Джо Байден әнші және актриса Леди Гаганы мәдениет және өнер комитетінің тең төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tass агенттігіне сілтеме жасап.
Құжатта Леди Гага (шын аты Стефани Джоанн Анджелина Германотта) 13 Grammy сыйлығының иегері және тарихтағы ең коммерциялық табысты орындаушылардың бірі екендігі көрсетілген. Time журналы бұған дейін оны әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізген. Әншінің қайырымдылық жұмыстарына және кейбір қоғамдық науқандарға белсенді қатысқаны атап өтілді.
1982 жылы құрылған Комитет АҚШ Президенті мен АҚШ ведомстволарының басшыларына Мәдениет саясаты бойынша ұсыныстар береді. Оның тағы бір тең төрағасы ретінде Байден продюсер Брюс Коэнді тағайындады.
Леди Гага Байденнің сайлау науқаны аясында іс-шараларда бірнеше рет сөз сөйледі және оны қолдау үшін үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысты. 2021 жылдың қаңтарында ол Байденнің ұлықтау рәсімінде АҚШ әнұранын орындады.