$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.03.2020, 15:30
Саясат

Тоқаев сыртқы саясатқа арналған 10 жылдық тұжырымдаманы бекітті

Үкіметке 3 ай уақыт берілді

Тоқаев сыртқы саясатқа арналған  10 жылдық тұжырымдаманы  бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Қаулының толық мәтіні. 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 741 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.                                                        

Серіктес жаңалықтары