$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкіметте жаңа министр ант берді

Премьер-министр Үкіметтің жаңа құрамына қосылған министрге сәттілік тіледі

Үкіметте жаңа министр ант берді
Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының «Үкіметі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, жаңа министрлер ант беру рәсімін бастайық», - деді Премьер-министр Әлихан Смайылов.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - деп ант берді Сәтқалиев.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа министрге сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары