Біздің елдер ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты - Ильхам Әлиев
Әзербайжан президенті өзара қызығушылық танытатын сала көп екенін айтты

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Бұл туралы Ильхам Әлиев Мемлекет басшысымен шағын құрамда кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біз талқылаған ынтымақтастықтың барлық саласы үлкен әлеуетке ие. Оның ішінде энергетика, көлік-транзит саласы бар. Бүгін екі тарап жақтан құзырлы органдардың жетекшілері бар. Бұл әкімшілік және қағазбастылық сынды нақты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл Транскаспий дәлізін география мен геосаяси жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыда тартымды етуге мүмкіндік береді. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық та аса маңызды. Екі елде де мәдениет күндерінің өтуі халқымызды жақындастыра түседі»,- деді Ильхам Әлиев.
Әзербайжан басшысы өзара қызығушылық танытатын сала көп екенін айтты.
«Біздің елдер ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты. Ол осыған дейінгі және бүгін қол қойылатын Декларацияда бар. Осылайша, елдер ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарамыз. Қазақстан мен Әзербайжан өз ресурстарына сенетін, шетелдік көмекке мұқтаж емес елдер. Бұл әлемдік тәжірбеде керек үрдіс»,- деді Әлиев.