11.04.2023, 12:32
Саясат
Президент жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауға баса мән беруді тапсырды
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
- бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар;
- биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерген.
- биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізілген
Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады
19.06.2026, 14:19
Астанада қоқыс төгетін жүк көліктері дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)
19.06.2026, 15:39
Шахтинскіде екі зейнеткер құдыққа түсіп кетті
19.06.2026, 21:17
Ормуз бұғазы ашық тұр: мұнай бағасы қалай өзгеруі мүмкін?