$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2020, 13:11
Саясат

Қытай елшісі Сайрагүл Сауытбайды марапаттау сәтін қызықсыз циркке теңеді

Ол АҚШ-ты арандатушы деп айыптады

Қытай елшісі Сайрагүл Сауытбайды марапаттау сәтін қызықсыз циркке теңеді

4 наурыз күні Вашингтонда Сайрагүл Сауытбай Мемлекеттік департаменттің режиссерлігімен белгісіз ерлігі үшін сыйлық алды. Бұл Қытайдың ішкі шаруасына араласуға бағытталған үлкен арандатушылық. Шараның өзі қызықсыз  циркті еске салды, бірақ Вашингтонның шынайы мақсаты мен жымысқы ойлары әшкереленді,  деп жазды өзінің Facebook парақшасынада Қытайдың  Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Дипломат Вашингтон Шыңжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінде лаңкестікпен  күрес жөніндегі нақты және айқын табыстарды елемей, соңғы жылдары түрлі жала жабу арқылы, этносаралық, ұлтаралық қақтығыс туғызып,Қытайды біржола жеңу үшін осы мәселені қайта-қайта қаузап отыр  деп есептейді.

«ШҰАӨ қауіпсіз, тұрақты және гүлденген аймаққа айналды. Кәсіптік оқыту орталықтарын бітірген адамдар қоғамға қауіп туғызбай, жұмысқа орналасып,өмір сүріп жатыр. Тәрбиелеу орталықтарын енгізу бұл экстремизммен күресу үшін Қытай ойлап тапқан өте табысты тәжірибе.  Бұл Қытайдың терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық күреске қосқан қомақты үлесі және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды кепілі»,- деп жазды елші.

 Сондай ақ, ол Сайрагүл Сауытбайға да жеке тоқталған.

«Қытайда да, Қазақстанда да қылмыскер деп танылған осы «батырға» қатысты  қандай ерлік туралы сөз қозғауға болады? Оның батылдығы өз отанын сату, оны және оның отбасын асыраған елді, былапыт сөздермен қаралау ма? Егер оның бойында қандай да бір батылдық болса, неге ол ШҰАӨ-гі несие қарыздарын өтемейді.  Өкінішті, ол геосаяси циркте өз рөлін лайықты бағалай алмайды», -дейді Қытай елшісі.

Серіктес жаңалықтары