$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2020, 10:09
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Президент құттықтауы

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды akorda.kz.

«Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.   Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады»,-делінген құттықтауда.

Оқи отырыңыз:Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты әйелдер мерекесіне арналған жиын өтпейді

Мемлекет басшысы егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылғанын айтады. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы екеніне тоқталған.

«Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін»,- деп түйіндеді Президент өз құттықтауын.

 

Серіктес жаңалықтары