$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2019, 11:21
Саясат

Бишімбаев кінәсін мойындады - Ішкі істер министрінің орынбасары

Енді ол пробация қызметінің бақылауында болады

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмеден уақытынан бұрын босатылуына байланысты пікір білдірді.

«Оның жазасы 4 жыл, 8 айға дейін қысқарған еді. Ол туралы жоғарғы сот та хабарлаған. Бишімбаев сол мерзімнің үштен екі бөлігі өтеп шықты. Қалған 1 жыл, 3 ай жеңілдетілген жазаға, яғни  айыппұлға ауыстырылды. Бишімбаевтың жазаны жеңілдетуге қатысты сотқа өтініш беруге құқығы бар, сол құқығын пайдаланды», - деді журналистер сұрағына жауап берген вице-министр.

Сонымен бірге вице-министр Бишімбаевтың кінәсін мойындағанын айтты. Енді ол пробация қызметінің бақылауында болады.

Оқи отырыңыз: Бишімбаев Президенттен кешірім сұраған

Еске салайық, өткен аптада былтыр жемқорлық фактісі бойынша 10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың түрмеден уақытынан бұрын босатылып шыққаны белгілі болған еді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары