$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2019, 22:01
Саясат

«Шекараны шегендеу – ең үлкен табыс» - Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктеріне тоқталды

«Шекараны шегендеу – ең үлкен табыс» - Елбасы

«Иә, ойлана, сарапқа сала келе, оң нәтиже шығармағанымды түсінсем, мүмкін мен кетпес едім. Жалпы, менің президенттік өкілеттігім 2020 жылдың аяғына дейін созылатын. Бірақ оған мен қараған жоқпын. Елімізде де, сырт сарапшылар да Қазақстанның осы жылдардағы өсіп, өркендеуіне оң баға берді. Біз бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған республикалар ішіндегі ең тез реформаны жасадық. Экономикамыз да жылдам өсті. Бүгінде Қазақстан экономикасының көлемі көрші төрт ағайынды ел – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды бәрін қоса санасақ, одан екі есе көп. Бұл деген – істеген жұмыстың нәтижесі» деді.

Елбасы экономикадан бөлек, халықты баспанамен қамту, ел мен елді жалғайтын күре жолдар салуда үлкен жұмыстар атқарылғанын айтты.

«Біз осы кезеңде тек экономиканы ғана өсірумен тоқтаған жоқпыз. Жыл сайын орташа есеппен 10 миллион шаршы метрдей баспана тұрғыздық. Мұндай қарқын ешқашан болған емес. Қазақстанда ешқашан қазіргідей заманауи жолдар салынған жоқ. Олар жай жол емес, Батыстан ғана көретін автобандар. Мұндай жолдар сирек, тарихи кезеңдерде ғана салынады. Германияға барғанда таң қаламыз, ал олар К.Аденауэрдің кезінде салынған жолдар. Біз сынап жүретін генерал Ф.Франко Испанияның барлық жолдарын салып кетті. Тіпті баяғыда Рим империясы кезінде салынған жолдар Еуропада әлі бар.

Екі теңіз айлағы салынды. Қазақстан арқылы өтетін жүк транзитінен біз миллиардтаған доллар ақша тауып жатырмыз. Айта берсе, істелген шаруа көп» деді Елбасы.

Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы ең басты жетістіктердің бірі шекара мәселесінің толықтай шешім табуы деп тоқталды.

«Қазақстанда шегенделген шекара да болмаған. 14,5 мың шақырым шекарамыздың барлығын келіссөз арқылы бекітіп, құжаттап, БҰҰ-ға тапсырдық. Егер шекараның 1-2 шақырымдағы дауы шешілмесе, ол ұдайы тайталас, соғысқа бастайды. Оның барлығын шешіп, шекараны шегендеп, келер ұрпақ алдынан ондай проблеманы алып тастадым. Бұл деген – өте үлкен табыс!

Алып елдердің басшыларымен, бизнесмендерімен сөйлескенде, оларды Қазақстанға шақырғанда, оларды елімізге қалай тартамыз? Тек қана білігіңменен, жақсы қарым-қатынас орнатумен. Осылай инвесторларды алып келдік. Қазақстанға 330 миллиардтай ақша құйды. Оның жемісін көріп отырмыз» деді Н.Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары