29.03.2023, 13:39
Саясат
Мәжілістің комитет төрағалары сайланды
7 тұрақты комитеттің төрағалары дауыс беру арқылы сайланды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев депутаттардың атынан Мәжілістің комитет төрағаларының кандидатураларын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Комитет төрағаларын депутаттар ашық дауыс беру арқылы сайлады.
«Парламент Мәжілісінің регламентіне сәйкес комитеттің бір төрағасы оппозициядан сайланады. Оған Серік Егізбаев ұсынылды», - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.
Мәжілістің комитет төрағалары болып сайланды:
- Аграрлық мәселелер комитеті - Серік Егізбаев;
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті - Снежана Имашева
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Айгүл Құспан
- Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы - Асхат Аймағамбетов;
- Қаржы және бюджет комитеті - Мәди Тәкеев
- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин;
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды