$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2023, 13:09
Саясат

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ғалымжан Пірматов ел экономикасының қазіргі ахуалы, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары