$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2020, 03:09
Саясат

Бердібек Сапарбаев: Жамбылда жаңа нысандар көбірек салынуы керек

Бұл туралы ол Тараз қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтты

Бердібек Сапарбаев: Жамбылда жаңа нысандар көбірек салынуы керек

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақта жаңа нысандарды көбірек салу керек екенін айтты. Бұл туралы ол Тараз қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында айтты.

«Тараздағы барлық бастамалар мен игі жобалар жалғасын табады. Алайда, құрылыс жүргізуде тек қазына қаражатына ғана сенім артуға болмайды, сондықтан бұл тұрғыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бизнес-құрылымдарды белсенді тарту мүмкіндіктерін барынша іздестіру керек», – деді аймақ басшысы.

Аталған жиында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 34 мың тұрғынға арналған 15-шағынауданда жүзеге асатын жобаларды баяндады.

Шаһар басшысының мәліметінше, алда 8 мәдени-спорттық нысан, сондай-ақ 17 гектарға саябақ құрылысы жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары