ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары тағайындалды
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Нұрмұханов ҚР Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 31 желтоқсанда Президент Жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалған болатын.
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 2000 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған (2000-2003).
Әр жылдары құқықтық бөлімнің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің аналитикалық жұмыс секторының меңгерушісі, Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі, Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.