Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өсуіне түрткі болған 3 себепті атады

Бірақ баға  «қатты көтерілді» деген желеумен келіспейді 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында яғни соңғы айда тұтыну бағасы орта есеппен 0,7%-ға өсті. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға жоғарылады,-деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство әуелі азық-түлік бағасына  талдау жасаған. Азық-түлік тауарларының топтары бойынша бағаның өсуі:

  • нан-тоқаш тауарларына - 0,5%,
  • ет өнімдерін қоса алғанда, ет - 0,5%,
  • балық және теңіз өнімдері - 0,7%, 
  • сүт өнімдері – 0,9%,
  • май – 0,4%,
  • жеміс пен көкөніс - 3,3%,
  • кондитерлік өнімдер - 0,3%,
  • алкогольсіз сусындар - 0,5%
  •  

«Азық-түлік тауарларына деген бағаның өсуіне жеміс-жидек пен сүт өнімдері негізі әсер етеді. Ет пен ет өнімдеріне бағаның өсуі барлық азық-түлік бойынша орташа өсімге қарағанда төмен. Сондықтан ет бағасы «қатты көтерілді» деп айту дұрыс емес»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Министрліктің дерегінше, БАҚ-та 2020 жылғы қаңтарда ет және ет өнімдерінің бағалары «бірден» 13%-ға, сиыр еті – 16,5%-ға, қой еті - 16,2%-ға және жылқы етіне - 14,5%-ға өскені туралы хабарлама дұрыс емес, себебі ол ақпаратта бір ай ішінде емес, 2019 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қаңтарға дейінгі сандар келтірілген.  Бағаның өсуі орын алған, бірақ жылдық кезеңдегі көрсеткіште бұл көп емес екен.

«Ет және ет өнімдеріне бағаның өсу себептері көп. Мәселен, өткен жылы малдың  елімізден тірідей жаппай шығарылуы (шетке сатылуы) да себептердің бірі деп атауға болады. Ет бағасының өсуінің тағы бір себебі ол – малға арналған құрама жем дайындалатын «астық» бағасының жоғарлауы. Сондай-ақ, ет бағасының өсуіне 2020 жылдың басындағы ауа райының қолайсыздығы да әсер етіп отыр, өйткені, көптеген жолдар жабылып базар сөрелеріне ет жеткізу қиындаған болатын»,-деп түсіндіреді  министрлік.