22.11.2022, 14:07
Саясат
Иран президенті Мемлекет басшысын сенімді жеңісімен құттықтады
Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Иран Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектеріне ризашылығын білдіріп, Иран Ислам Республикасы Қазақстанның жақын серіктесі екенін атап өтті.
Тараптар бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Иран арасындағы тығыз ынтымақтастықтың айқын көрінісі екеніне назар аударды.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды