ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұрсұлтан Назарбаев Ералы Тоғжановпен кездесті

Кездесуде Елбасы бірқатар бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті

Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасы жаңа Премьер-Министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды. Сізде жеткілікті тәжірибе бар. Еліміздің екі өңірінде, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.