Арым таза, қалғанын құдайға тапсырдым - Бағдат Мәнізоровтың сұқбаты

Эксклюзив

Жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босаған Бағдат Мәнізоров Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында өзіне қатысты даулы оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. Ол бұған дейін біздің тілшілерге қызметтен не үшін кеткені туралы телефон арқылы қысқаша сұқбат берген еді. Елдегі ең атышулы шенеунік бұл жолы бейнесұқбатында Шалбай Құлмаханов, Ахметжан Есімов, Амандық Баталовпен қарым-қатынасы туралы айтады.  

Тоқсаныншы жылдары Жетісу өңіріндегі ең беделді кәсіпкер Талдықорғандағы орталық саябақты қалай сақтап қалғанын, экономикалық дағдарыс кезіндегі базардың, сауда орындарының рөлі және бизнестен мемлекеттік қызметке қалай келгені туралы баяндайды.

Алматының Алатау ауданын құрудағы Ахметжан Есімовпен бірігіп атқарған шаруалары туралы кеңінен әңгімелейді. Сондай-ақ, Алматы облысында 3500 кәсіпкер Шалбай Құлмахановқа неге қарсы шықты деген сауалға алғаш рет ашық жауап берді. 

Төрт ай сергелдеңге салған тергеу органдарының қандай мақсаты болғанын, отбасының кәсібі және өзінің үстінен жалған арыз ұйымдастырғандарды кім «айдап салды» деген сауалдарға бүкпесіз жауап қатады.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.