28.10.2022, 10:29
Саясат
Бүгін Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Фото: primeminister.kz
Бүгін елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы Үкіметтің Telegram каналы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды