Президент сайлауы: Тағы бір үміткер өз құжатын тапсырды
Хайролла Ғабжалилов Қарақалпақстанда дүниеге келген

Орталық сайлау комиссиясына «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Хайролла Ғабжалилов құжат тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«2022 жылғы 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар қабылданды», - деп хабарлады ОСК.
Ғабжалилов Қазақстанның төл ұлттық валютасы - теңгенің авторларының бірі.