$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы-2022: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?

Сайлау 20 қарашада өтеді

Президент сайлауы-2022: Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсыра ма?
Фото ашық береккөзден

Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінен емтихан тапсырмайды. Бұд туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq  Ruhy.

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңының 54-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттерін келесі мерзімге қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген республика Президентіне қолданылмайды», - деді ОСК хатшысы.

ҚР Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысы кеше, 7 қазан күні өткен болатын.

Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №72/555 қаулысымен құрылған Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдар, атап айтсақ, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебайұлы, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы мен Анар Фазылжановалар кірген.