$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы талапқа сай

Қазақстан президентін сайлау 20 қарашаға жоспарланған

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы талапқа сай

Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын Сайлау туралы заң талаптарына сай деп шешті.

Бұл туралы комиссия отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынған болатын.

«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», - деді Мұхтар Ерман.

Серіктес жаңалықтары