$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2022, 18:33
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын ұсынады

Бұл туралы Президент Халықтық коалиция форумында мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын ұсынады
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада сайлауалды тұғырнамасын ұсынады. Онда елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар туралы айтылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықтық коалиция форумында мәлімдеді.

«Менің сенімім бойынша, біздің мемлекет өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған теңгерімді, көп бағытты, сындарлы сыртқы саясатты жүзеге асыруы тиіс. Қазақстан халықаралық қатынастардағы теңдік пен демократия қағидаттарын, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ұдайы сақтауды жақтайтын болады. Қазақстан БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болатынын, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуетін нығайтуға күш салатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары