Қазақстан Халық партиясы президенттікке кандидат ретінде Тоқаевты ұсынды
Ермұхаммед Ертісбаев қазіргі мемлекет басшысының ұстанымдары мен шешімдері партияның идеологиясына сай келеді деп мәлімдеді

Қазақстан Халық партиясы да президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Партияның кезектен тыс сьезінде төраға Ермұхаммед Ертісбаев қазіргі мемлекет басшысының ұстанымдары мен шешімдері партияның идеологиясына сай келеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі әлем үшін алмағайып заманда Президент жанына ұйысу керек. Жиынға қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Партия мүшелері егер қажет болса Тоқаевты қолдау мақсатында құрылатын азаматтық коалацияға да түсуге дайынбыз деді. Сонымен қатар, социалистер көтерген өзекті мәселенің барлығы Президент тарапынан оң көзқараспен қабылданатыны айтылды.