$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2022, 10:05
Саясат

Клаус Шваб Тоқаевты 2023 жылы қаңтарда өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды

Президент Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директорымен кездесті

Клаус Шваб Тоқаевты 2023 жылы қаңтарда өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды

Президент Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Швабпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты.

Клаус Шваб Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды. Сонымен қатар елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.

Серіктес жаңалықтары