ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Жамбыл облысының әкімі болды

Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Е. Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Ал облыстың бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов Қордайда болған қақтығыстан кейін отставкаға кетті. 

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер.

Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.

  • 1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы.
  • 1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.
  • 1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды.
  • 1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды.
  • 1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды.
  • 2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
  • 2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
  • 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.
  • 2017 жылдың наурызында Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
  • 2019 жылдың қыркүйегінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болды.
  • Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.