Nissan коронавирусқа байланысты Ресейде өндірісті тоқтатуы мүмкін
Қытай Санкт-Петербургтегі Nissan зауытына автокөліктерді құрастыруға арналған бөлшектер өндірісін жеткізуді тоқтатты
Егер Қытай бөлшектерді жеткізуді қайта жолға қоймаса, Nissan басшылығы Санкт-Петербургте автомобиль өндіретін зауыт жұмысын тоқтата тұруы мүмкін. Бұл туралы rbc.ru хабарлайды.
Оның айтуынша, егер қытайлық өндіріс 17 ақпанға дейін жұмысын қайта бастамаса, Петербург зауыты машина жинауды тоқтатады.
«Қазіргі уақытта рисктер бағаланады. Қазіргі жағдай бойынша барлығы штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай кідіріс жоқ, компоненттер жеткілікті. Егер, Қытай 17 ақпанда жеткізуді қайта жолға қойса, еш кідіріс болмайды», - деп мәлімдеді Nissan баспасөз қызметі РБК-ға.
Компания өкілінің айтуынша, егер Қытай зауыттары осы мерзімге дейін жұмыс істемей қалса, бөлшектер кешіктірілуі мүмкін. Алайда, компания әрі қарай да штаттық режимде жұмысын жалғастырады деп үміттенеді.
Bloomberg хабарлағандай, Nissan Serena және X-Trail модельдерін шығаратын Жапониядағы зауыттардың бірінің жұмысын екі күнге тоқтатады. Йокогама қаласындағы бренд филиалы баспасөз-хатшысының айтуынша, автомобиль бөлшектерін жеткізу үзілгендіктен зауыт 14 және 17 ақпан күндері жабылады. Мәселе шешілген бойда зауыт жұмысын қайта жандандырады. Оның айтуынша, орнаған ахуалға байланысты әзірге Жапониядағы Nissan зауыттарындағы өндіріс тоқтатылған жоқ.