07.09.2022, 13:44
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады – Орталық сайлау комиссиясы
Биыл күзде елімізде президент сайлауы өтеді
Фото: ашық дереккөзден
Елбасы мен Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты,деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BAQ.KZ –ке сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туған қызы, бұрынғы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сайлауға қатыса алатынын айтты.
"Әрине, ол (Дариға Назарбаева Президент сайлауына – автор) қатысуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы ықтимал. Президенттікке үміткерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады", - деді Шавкат Өтемісов.
Биыл күзде Қазақстанда президент сайлауы өтеді.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 12:47
Маңғыстау облысында жүздеген еркекке әйел адам жасалатын қымбат ота түрлері рәсімделген