07.09.2022, 13:31
Саясат
Президент Ұлыбритания Премьер-министрін құттықтады
Лиз Трасс Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
«Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді», – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
