Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімі орынбасары қызметінен босады
Бүгін Талдықорғандағы облыс әкімдігі аппараты жиынында Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоровтың қызметінен босағанын мәлімдеді. Бағдат Сайланбайұлы өз еркімен қызметінен кетті деді, облыс басшысы. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Багдат Мәнізоров өз еркімен жазылған арыздың негізінде қызметінен босатылды. Ол өзінің жұмысы барысында кәсіқой және қолынан іс келетін маман екенін көрсетті. Арыс қаласын қалпына келтіру барысында аянбай еңбек етті. Сондай-ақ газдандыру секторында оның ішінде блоктық-моульдік қазандықтарды орнатуда біліктілігін көрсетті. Мен оған сәттілік тілеймін»,- деді Амандық Баталов.
Өз кезегінде әкімнің бұрынғы орынбасары өз әріптестеріне алғысын білдірді.
«Өткен жеті айда көп жұмыс істелді деп ойлаймын. Менің алғашқы іс сапарым облыс әкімімен бірге Арыс қаласындағы апатты аймақты аралаудан басталған еді. Біз міндетті ойдағыдай атқара алдық. Алматы облысы- менің кіші отаным. Мен бұл өңірде де өз еңбегімді сіңіргеніме қуаныштымын. Бұл аймаққа даму тілеймін»,- деді Бағдат Мәнізоров.
Оқи отырыңыз: «Мен мансапқұмар емеспін, өз еркіммен кеттім» - Мәнізоров қызметінен босады
Айта кету керек, Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылы шілдеде тағайындалған болатын. Ол аймақтағы тұрғын үй шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм саласына жауапты болды.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы