ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Партия Төрағасына Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы баяндалды

Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – партия Төрағасына халықпен кері байланысты күшейту және партия активі құрамының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде, сондай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

«2019 жылы партияға 213 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34 пайызға көп. Сауалнамаларға сәйкес, әрбір төртінші қазақстандық мәселе туындаған жағдайда «Nur Otan» партиясына жүгінеді. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес өңірлерді аралау басталды. Әсіресе, шалғайдағы елді мекендерге ерекше назар аударып отырмыз. Жуырда Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарында болдық», - деді Б.Байбек.

Елбасы азаматтардың мәселелерін шешуде партияның белсенді болуының маңыздылығын айта келе, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру тұрғысынан өңірлердегі инфрақұрылымдық даму мәселесіне тоқталды.

«Атырау мен Астрахан арасындағы жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе мен Атырау қалалары арасында да жол салынады. Ірі автожолдардың құрылысын аяқтағаннан кейін, облысішілік жолдардың құрылысына кірісу қажет. Бұл тұрғындар үшін өте маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында «Nur Otan» партиясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды.