$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2020, 13:26
Саясат

Помпео Қазақстанда сауда және инвестиция мәселелерін талқылайды

Бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кездесті

Помпео Қазақстанда сауда және инвестиция мәселелерін талқылайды
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапары аясында сауда және инвестиция мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Бұған дейін Майк Помпео Белорусь пен Украинаға ресми сапармен барды. Ол Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді.

«Бейбітшілік, гүлдену және қауіпсіздік негіздерінде құралған АҚШ пен Қазақстан стратегиялық қатынастарының маңыздылығын тағы да растау үшін Нұр-Сұлтанға келгеніме қуаныштымын. Елдеріміз арасындағы сауда, инвестиция және әл-ауқатты жақсарту жолдарын дамыту мәселелерін талқылауды асыға күтемін», - деп жазды Помпео Twitter парақшасында.

Бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанда келіссөз жүргізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Сыртқы істер министрлігіне келді. Ол сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізуде. 

Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы ел басшылығымен кездесіп, екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Серіктес жаңалықтары