$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 22:57
Саясат

Жамбыл облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Былтыр Жамбыл облысында шет елде тіркелген көліктерге қатысты 52 жол апаты болып, 16 адам қаза тапқан

Жамбыл облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Жамбыл облысында жүргізушінің жол жүру ережелерін сақтамау салдарынан жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың 12 айы Жамбыл облысының аумағында шет елдерде тіркелген көлік құралдарының себеп болуымен 52 жол-көлік оқиғасы болып, 16 адам қаза тапты, ал 104 адам түрлі дене жарақатын алған.  

Мысалы, 2019 жылдың 14 шілдесінде сағат 05:00 шамасында Қордай ауданындағы республикалық маңызы бар Батыс Еуропа –Батыс Қытай автомобиль жолының 196 шақырымында «Рено Премиум» маркалы (Қырғыз Республикасында тіркелген) автокөлік жүргізушісі «ҚР Жол қозғалысы ережелерінің» талаптарын сақтамай, жол жиегінде орналасқан «Опель Омега» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының  салдарынан 2 адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Екі адам Қордай орталық аудандық ауруханасы жеткізілген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Қордай аудандық сотының шешімімен көлік жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


 

Серіктес жаңалықтары