Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін Артур Ардавичус 800 млн теңге жымқырды деп хабарлаған еді
Соңғы мәліметтерге сүйеніп, бүгін БАҚ-қа мәлімдеме жасаған агенттіктегі екінші департаменттің жетекшісі Сергей Перов бұл сома 2 млрд теңгеге жеткенін айтты. Сергей Перовтің айтуынша, Ардавичусқа қатысы істе Қазақстандағы мемлекеттік холдингтердің қызметкерлері жоқ.
«Артур Ардавичус халықаралық іздеуге жарияланды. Ол оқу-жаттығу өткізіп, жарыс ұйымдастыруға және құрал-жабдық сатып алуға бөлінген ақшадан 2 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінді. Қазір ол тығылып жүр» - деді Сергей Перов.
Ардавичус Қазақстанның құзырлы органдармен бір ай бойы байланыста болған.
«Бір ай ішінде онымен сөйлесіп, ол үнемі байланысқа шығып отырған, елге кел дем шақырғанда, бас тартты. Оның «тергеумен ынтымақтастық орнатуға дайынмын» деген мәлімдемесі жалған», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Артур Ардавичус Қазақстанда «Astana Motorsport» автошабандоздар командасының капитаны болған.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан