$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 12:03
Саясат

«iPhone алғанын мойындады». Байқоңыр ауданының әкімі үйқамаққа шықты

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болған Асқар Есілов кінәсін толық мойындаған

«iPhone алғанын мойындады». Байқоңыр ауданының әкімі үйқамаққа шықты

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қарсы күрес агенттігі бірінші департамент жетекшісінің орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлім етті.

«Ол сұраққа қатысты ол жалған актілерге қол қойған деген айып тағылып отыр. Өзінің кінәсін толық мойындаған соң оның қолына кісен тағылған жоқ. Ол үй қамақта. Бірақ тергеу жүріп жатыр», - деді Бауыржан Балғабеков.

Байқоңыр әкімі коммуналдық шаруашылық саласындағы жалған құжаттарға қол қойды, қымбат телефонды пара ретінде алды деп айыпталған болатын. Ол кінәсін толық мойындаған соң, қамаудан босап, үй қамаққа алынған.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алқа отырысы өтіп жатыр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары