Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалды

Azattyq Rýhy

Бұл қызметке Ерлан Алдажұманов келді 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада. 

Ерлан Алдажұманов 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған. 

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987). Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы - директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.