21.05.2022, 05:49
Саясат
Нұрлан Нығматуллиннің ұлы "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды
Компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар тағайындалды
Фото ашық дереккөзден
Нұржан Нұрланов "ҚазМұнайГаз-Аэро" бас директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business Telegram-арнасы.
Ведомство мәліметінше, 19 мамырда "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС жалғыз мүшесінің шешімімен компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар Тагирович тағайындалды.
Айта кетейік, Нұржан Нұрланов - Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің кенже ұлы, "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясын 2019 жылдың ақпанынан басқарды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы